
«Қажымұқан ізбасарлары»: қазақтың ұлы палуаны Қ.Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай Республикалық спорт эстафетасы атты 7-ауысымының ашылу салтанаты өтті. Алғашқы жазғы ауысым спорт әлемімен тығыз байланысты. Жас қатысушыларды қызықты эстафеталар, спорттық бәсекелер мен мерекелік шаралар күтеді. Ауысым барысында балалар командалық рухты сезініп, дене шынықтырып, белсенді әрі пайдалы демалыс өткізеді. Олар ұлы балуанның өмір жолы мен ерліктерімен танысып, ұлттық спортқа деген құрметтерін арттырады. Бұл ауысым әрбір қатысушыға серпіліс, жаңа достар және спорттық жеңістерге деген ұмтылыс сыйлайды.


