«SmartFuture IT» инновациялар және жасанды интеллект әлеміндегі жас таланттар слетінің 4-ауысымы аясында «AI-ДОС» атты зияткерлік ойын өтті.

Сайыс барысында екі команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Қатысушылар жасанды интеллект ұсынған сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау қабілеттері мен командалық үйлесімділіктерін көрсетті. Ойын барысында әр қатысушы өзінің жылдам шешім қабылдау дағдысын және күрделі сұрақтарға жауап табу қабілетін ортаға салды.

Нәтижесінде "IQ STARS" командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанып, марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Аталған іс-шара заманауи технологиялардың жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, IT және жасанды интеллект саласына деген қызығушылықты арттыратынын көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner