
Балқаш қаласындағы “Балдәурен” Республикалық оқу-сауықтыру орталығында “Білім – баға жетпес қазына” атты 2025 жылғы 14-ауысымның салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Салтанатты кеш барысында ауысым бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Математика пәнінен олимпиада жеңімпаздары марапатталды.
1-орын иегерлері атанған:
– 7-сынып оқушысы Жұмажан Естай,
– 8-сынып оқушысы Ахметжан Әділбек,
– 9-сынып оқушысы Құралтай Әдулет.
Жас математиктерге арнайы грамоталар табысталып, сый ретінде Балқаш қаласындағы “Балдәурен” Ремпубликалық оқу-сауықтыру орталығында қайта демалуға жолдама берілді.
Бұл ауысымда білім мен өнер, спорт пен достық қатар өрбіді. Қатысушылар математикалық білімдерін тереңдетіп, зияткерлік тапсырмалар мен олимпиадаларда өз қабілеттерін шыңдады. Сонымен қатар спорттық және шығармашылық сайыстарда белсенділік танытып, сахнада өнерлерін паш етті.
Әл-Фарабидің даналық мұрасымен сусындаған жас өрендер жаңа идеяларға, жаңа мақсаттарға шабыт алды.
Олар үшін бұл ауысым тек демалыс емес, өз қабілеттерін ашып, жаңа достар табуға мүмкіндік берген ерекше кезең болды.
“Балдәурен” – бала арманының қанат қаққан мекені!
14-ауысым аяқталғанымен, бұл күндерден қалған әсер мен достықтың жылуы балалардың жүрегінде мәңгі сақталады.


