Балқаш қаласы «Балдәурен» РОСО жайлы ақпарат

Балқаш қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2019 жылы 17 шілде күні ресми түрде ашылды.

"Балдәурен" орталығы көлемі жағынан ең үлкен көл Балқаш көлінің жағасында орналасқан, мұндағы табиғи-климаттық жағдайлар баланың жан-жақты дамуына және денсаулығына қолайлы әсер етеді.

Әр ауысымда 10 жастан 15 жасқа дейінгі (5-9 сынып) 155 бала демалып, денсаулығын жақсарта алады, оның ішінде ерекше білім беру мен күтімді қажет ететін (көру, есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, ақыл-ойы бұзылған балалар) 55 бала демалады. Жобалық қуаты – 310 орын, бір жылда – 16 ауысым

 

Орталықта балалардың басты тәлімгерлері ұйымдастырушы-ұстаздар болып есептеледі. Бірақ балалар ескі түрде оларды тәлімгер деп те атайды. Ұйымдастырушы-ұстаздар – қызықты және көңілді әлемге өздерімен бірге  жетелейтін адамдар. Балалармен жұмыс барысында орталық педагогтары тәрбиеленушілерді әдемі көріністі күнделікті өмірде көруге, өз қолдарымен бір нәрсе жасауға үйретеді. Осылайша, олардың одан әрі әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Балалардың шығармашылықтарының дамуына жеке қасиеттерін, өз икемдерін дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.

"Балдәурен" ауысымға қатысушы балаларға өз қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен секциялар таңдауды ұсынады. Үйірмелердің, спорт секцияларының, отрядтық және ұжымдық-шығармашылық істердің әртүрлілігі балалардың жеке де, ұжымдық та шығармашылық, ұйымдастырушылық, зияткерлік және басқа да қабілеттерін анықтау және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды, бағыттайды.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырумен және дамытумен қатар балалар денсаулығының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шаралары ұйымдастырылады. Физиотерапия, сумен емдеу, Емдік массаж, балшықпен емдеу, булы емдеу кабинеттерінде білікті медицина қызметкерлері балаларды сауықтыруды ұйымдастырды.

Логопедтер, дефектолог, психологтар және педагог-ассистенттер (тьютерлер)  түзету жұмыстарымен қамтамасыз етеді.

Спорттық-сауықтыру іс-шаралары емдік дене шынықтыру залында, жүзу бассейнінде, гидромассаж кабинетінде және жазғы спорт алаңдарында өткізіледі.

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner