
Ұлы Отан соғысы мемориалына гүл шоғын қою рәсімі өтті
Орталығымыздың 5-топ демалушыларымен бірге «Жастар» педагогикалық тобы Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Осы шара барысында тарихи естелікке тағзым етіліп, қаһарман жауынгерлердің ерлігі еске алынды. Педагогикалық топ пен демалушылар қаза тапқан жауынгерлерге деген құрметтерін білдіріп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, тарихи сананы жаңғыртады.


