
«Табиғат тазалығына жеті қадам»: экологиялық үгіт байқауы
5-ауысым аясында «Табиғат тазалығына жеті қадам» атты экологиялық үгіт-насихат байқауы ұйымдастырылды.
Балалар өздерінің шағын қойылымдарында табиғаттың ауыр халін дәл жеткізді. Сахнада су ресурстарының ластануы мен табиғат байлықтарының сарқылуы сынды өзекті мәселелер көтерілді. Ең бастысы, әрбір проблемаға тиімді шешім ұсынылып, табиғатты аялауға шақырды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, өз өлкесіне деген жауапкершілік сезімін оятады.


